Алматы облысында сүйіктісі мен оның анасын, әжесін өлтірген қылмыскер сотталды

0
7

Жамбыл ауданында бір отбасының үш мүшесін өлтірген қылмыскерге жаза тағайындалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

 

Фото: ҚазАқпарат

Сот шешіміне сәйкес қылмыскер кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, оқиға 25 наурызда болған еді. Ұзынағаш ауылында бір отбасындағы үш әйелдің денесі үйінен табылды. Қылмыскер 88 жастағы әжей мен оның 51 жастағы қызын, 24 жастағы немересін өлтіріп кеткен.

Көршілері 24 жастағы қыздің жігітімен ұрысып қалғанын, жігіттің ашулықпен қызды пышақпен бауыздағанын айтты. Жігіт өзіне де пышақ салып, ауруы жанына батқан соң дәрігер шақыртқан.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ