Алматы облысында салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды

0
1

Алматы облысында салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірқатар жалған компаниялардың басшысына қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді.

Тергеу барысында бұл тұлғаның салық есептілігіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталды. Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйымдар атынан бюджетке салық төлеуден жалтарған.

«Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 млрд 635 млн. теңге сомасына материалдық залал келтірілді. Сот үкіміне сәйкес күдікті ҚР ҚК 245-б. 3-б. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа ұйымдарда лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ