Алматы облысында селфиге түспек болған қыз сегізінші қабаттан құлап мерт болды

0
3

Талдықорғанда 15 жастағы қыз сегізінші қабаттап құлап кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай құрылысы бітпеген нысанда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Көрнекі сурет

Ресми мәлімет бойынша, жасөспірім селфиге түспек болып, абайсызда құлап кеткен. Оқиға кеше кешкісін сағат 21:00 шамасында болған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ