Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 500 мың теңгеден беріледі

0
4

Алматы облысында Ұлы Отан соғысының 91 ардагері тұрады. 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында оларға 500 мың теңгеден біржолғы төлем беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: kaztag.kz

«Мен әкім болып тағайындалған кезде облысымызда 2 мыңнан астам ҰОС ардагері бар еді. Қазір небары 91 ардагер қалды», — деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

9 мамыр күні Талдықорғанда соғыс ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өтеді. Жауынгерлік шатырлар тігіліп, дала асханасы ұйымдастырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, қала атшабарында ұлттық ат спортынан жарыстар өткізіледі.  




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ