Алматы облысында тауға барып, із-түзсіз кеткен 7 жасар бала әлі табылмай жатыр

0
5
Алматы облысында 7 жасар балақайды жаппай іздеу жұмыстары жалғасуда. Тауға барып, із-түзсіз кеткен ұл бала әлі де табылар емес деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ернұр. Скриншот КТК арнасынан алынды

Еске сала кетейік, өткен сенбіде Ынтымақ ауылындағы қыратқа бес бала көтеріліп, ішіндегі Ернұр ғана ізім-ғайым жоғалған еді. Оның қасында болған достары тауда өздерін бір малшының суық қарумен қорқытқанын айтып берді. Содан ойын балалары жан-жаққа қашыпты. 7 жасар Ернұр болса, сайға қарай жүгірген.

Олардың зәресін алды делінген 45 жастағы ер адам сол елдімекеннің тұрғыны екен.

Полицейлер одан жауап алып, еркіне жіберген. Өйткені, малшы ұлдардың бірінен өз ұялы телефонымды сұраудан басқа кінәм жоқ депті.

Ал Ернұрды мүлдем көрмеген-мыс. Жақындары да оның жан баласына қол ұшын тигізуі мүмкін емес екенін айтып отыр. Тіпті қазір малшы тау жақта өзге ауылдастары секілді жоғалған баланы іздеп жүрген көрінеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ