Алматы облысында жанармай құю станциясында жарылыс болды

0
0

Алматы облысы Есік қаласында жанармай құю станциясында жол-көлік апаты салдарынан жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фото: baq.kz

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен қызметтік көліктері өртті сағат 10:52-де ауыздықтады.

Апат салдарынан термиялық күйік алған «Лэнд Крузер Прадо» автокөлігінің 1984 жылғы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90% күйік шалды, жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шеккен адам — автожанармай құю станциясының 1990 жылғы операторы. Оның кеудесіне зақым келген, дегенмен алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілген, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, станцияға жақын орналасқан көпқабатты үй мен жер үйлерге зақым келмеді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ