Алматы облысында жер сілкінді

0
6

Алматы облысында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі. 

Фото: Көрнекі сурет

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 маусым күні Алматы уақытымен 08 сағат 17 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 184 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.2. MPV тербелісі — 4.8. Эпицентрінің координаттары 43.09° с.е. 79.17° ш.б. Тереңдігі 20 км», — делінген хабарламада. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): Ұзынбұлақ кентінде 3 балл.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ