Алматы облысында жергілікті кәсіпкер дәрігерлерге сый сияпат жасады

0
9

Алматы облысындағы Панфилов ауданының медицина қызметкерлеріне қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Біз біргеміз» республикалық акциясына Жаркент тұрғындары да қолдау көрсетуде. Жексенбі күні орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің 40 қызметкеріне жергілікті кәсіпкер Ұлан Сарпеков азық-түлік жеткізіп берген. Сондай-ақ қаржылай көмекке мұқтаж мамандарға ақшалай сыйлық жасаған.

«Президентіміз бастаған акция еліміз бойынша қолдау табуда. Кәсіпкер ретінде мен де қолымнан келгенше көмек көрсеттім. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы орайда жанға араша болып еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін»,- деді кәсіпкер.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкерлері бүгінге дейін карантинде жатқан 197 адамға қызмет көрсеткен. Қазір барлығы бақылауда.

Айта кету керек, Панфилов ауданына әзірге екі санитарлық бекет орнатылды. 24 сағат жұмыс істеп жатқан арнайы мамандарды аудан әкімдігінің қызметкерлері ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетуде.

Еске салсақ, Алматы облысында коронавирустың 6 жағдайы тіркелді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ