Алматы облысында жоғалған 11 жасар бала танысының үйінен табылды

0
4

Алматы облысының Іле ауданындағы «Дружба» саяжайынан жоғалған бала табылды. Владимор Диков есімді жасөспірім бір күн бойы өзге ауылдағы танысының үйінде алаңсыз жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: od-news.com

Полицейлерге 4 сынып оқушысының жоғалғандығы жөнінде ата-анасы хабарлаған.

«Қараой ауылдық округіне қарасты «Дружба» саяжайынан 11 жастағы баланың жоғалғандығы жөнінде кеше кешкісін ақпарат келіп түсті. Ювеналды полиция, учаскелік инспекция, жол-патрульдік полиция қызметкерлері барлығы ауқымды түрде іздеу жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде бала Чапаев ауылынан табылды. Ол өзінің танысының үйінде болған», —  деп мәлім  етті облыстық ІІД Баспасөз қызметі.

Ведомстваның мәліметінше, бала дін аман. Ата-анасы оны ауылына алып кетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ