Алматы облысында жоғалған жасөспірім 5 күннен бері іздестірілуде

0
1

Алматы облысында жоғалған 16 жасар Амиржан Кучаковты туыстары 5 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

2002 жылы туған Амиржан Кучаков 24 маусымда күндізгі сағат 2-де Мақтарал ауданы  Жетісай қаласынан Қаскелеңге қарай автобусқа мініп кеткен. Алматы облысы Бесағаш ауданындағы туыстарына қыдырып бармақ болған жігіт сол күйі хабарсыз кеткен. Бір күн өткен соң туыстары Амиржанды іздеу үшін Жетісайдан Қаскелеңге келген.

«Амиржан Қаскелеңнен түсетін автобус аялдамасына келдім. Осы жерде көпірдің қасындағы такси жүргізушілеріне  Амиржанның суретін көрсетіп, ол жайлы  сұрастырдым. Олар маған суреттегі адамның 25 маусым күні таңғы 7-де таңертең автобустан түсіп, таксиге мінгенін көргендерін айтты. Автокөлік маркасы Daewoo Nexia болуы мүмкін. Ғаламторда «ВК» әлеуметтік желісінде 26 маусым күні соңғы рет сағат кешкі 8-де отырғанын көріп отырмыз. Қазір телефоны өшірулі. Қарасай аудандық ІІБ-ге арыз жаздық, іздеп жатырмыз дейді. Әзірге басқа ақпарат жоқ», — деді ағасы Саттар Тоқсаев.

Амиржан Кучаков бойы 1,50 см, қара шашты, қоңыр көзді жігіт. Соңғы рет үйден үстіне қара футболка, қара джинс, аяғына қара кроссовка киіп, қызыл рюкзак асынып шыққан, қолында пакеті болған.

Көрген білгендер болса туыстары +77475654988 (Саттар) нөміріне немесе «102-ге» хабарласуын сұрайды.

Бұл ақпарат бойынша Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі түсініктеме бермеді.

Аталған дерекке байланысты құқық қорғау орындарынан түсініктеме алуға тырыстық. «Қарасай аудандық ІІБ-де 16 жастағы жасөспірім Амиржан Кучаковтың жоғалғаны туралы факт тіркелген. Оның әкесі 28 маусым күні сағат 23.30-да баласының 25 маусым күні жоғалғаны туралы арыз жазған. Қазіргі кезде жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деді  Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ