Алматы облысында жол талғамайтын көлікті ұрлады деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

0
3

Алматы облысында «Тойота Ленд Крузер Прадо» көлігін ұрлады деген күдікпен шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 14-нен 15-не қараған күні көліктің ұрланғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Іздеу жұмыстарына кіріскен полицейлер ұрланған машинаны  Алматы-Бішкек тас жолының 95 шақырымында тапты.

«Ұрланған көлікті Ресей және Тәжікістан азаматтары иемденгені анықталды. Бірақ күдіктілердің айтуынша, олар темір тұлпарды Алматы қаласында жақын таныс емес азаматтан ақшаға сатып алған. Ұсталған азаматтар көлікпен бірге Алматы қаласының полицейлеріне жеткізілді. Енді көлікпен ұсталған азаматтар расымен алаяқтың арбауына түсіп қалды ма, оны Алматыдағы әріптестеріміз анықтайтын болады», — деді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ