Алматы облысының Ұзынағаш тұрғыны коронавирус жұқтырған

0
152

Мәліметтерге сәйкес Алматы облысында соңғы коронавирус жұқтырған науқас Ұзынағаш ауылының тұрғыны болып шықты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: vedomosti.ru

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған.

29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған.

Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Атап өтсек, 2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 7 сырқат тіркелген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ