Алматы облысының әдемі полицейі Әнел Сейтмұрат

0
0

«Биылғы 27-30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен қоян-қолтық ұрысынан V халықаралық «Елбасы кубогында» Жетісу жерінің намысын қорғаған Алматы облысы ПД Ескелді ауданы полициясының криминалисі полиция лейтенанты Сейтмұрат Әнел қола медальді еншіледі», деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сурет : Алматы облыстық ПД

Аталған жарысқа алыс-жақын 8 мемлекеттен және еліміздің барлық аумағынан 450 жуық спортшы қатысқан. Оның ішінде қоян-қолтық ұрысынан әлем чемпиондары, Азия және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары болған.

«70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарым өте жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Былтыр осы жарыста алтыннан алқа тағып едім, биыл қоланы қанағат тұттым. Өз кемшіліктерімді білемін, келесі халықаралық және әлемдік ареналарда еліміздің көк байрағын желбіретемін деп сенемін», — спортты серік еткен тәртіп сақшысы.

Сейтмұрат Әнел биыл қаңтарда Санкт-Петербург қаласында қоян-қолтық ұрысынан өткен әлем чемпионатында да қола жүлдегер атанған еді. Жастайынан спортты сүйіп өскен қыз дүбірлі додаларда топ жару үшін дайындығын одан әрі шыңдауды жалғастырмақшы. Қазірдің өзінде ол қоян-қолтық ұрысынан спорт шебері болса, бокстан спорт шеберіне үміткер атанған.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, полицейлер күнделікті дене жаттығуларын жасап, қызмет барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қылмыскерлермен күресте қажетті әдіс-тәсілдерді шыңдайды. Ол үшін Департамент базасында барлық жағдайлар жасалған. Биыл тамыз айында өткен құқық қорғау қызметкерлері арасындағы самбо күресінен ел чемпионатында Алматы облысының полицейлері жалпыкомандалық есепте топ жарып, ел чемпиондары атанды. Атап айтсақ, Ж.Қалиев, О.Исабеков, Қ.Есенеев, А.Касачев сынды тәртіп сақшылары өз шеберліктерін дәлелдеп, абыроймен өнер көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ