Алматы облысының әкімі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті

0
4

Облыс әкімі Амандық Баталов Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өткізді. Шараға 30-ға жуық желтоқсандық шақырылды,деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап UZYN. KZ.

Фото: .zhetysu.gov.kz

Кездесуге келгендерді облыс әкімі Амандық Баталов алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Өз сөзінде Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері жайлы айтып, алдағы жоспарлармен де бөлісті. Мемлекет қолдауының және облыс тұрғындарының берекелі жұмысының нәтижесінде өңір жылды жақсы көрсеткіштерімен қорытындылап отырғанын жеткізді.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы айта келе, оған қатысқан әрбір жетісулықтың есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатынын айтты.

— Тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік пен келісім – еліміздің ең басты құндылығы. Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлем таныған, экономикалық өсімі тұрақты елге айналып, нық сеніммен алға қадам басып келеді. Тәуелсіздік деген мығым іргетас біздің әрбір жетістіктеріміз бен жеңістерімізге арқау болып отыр, — деп атап өтті А. Баталов.

Кездесуге қатысушылар атынан «Жетісулық желтоқсандықтар» облыстық қоғамдық бірлестігінің басшысы Ермұхан Жүнісхан, Айсұлу Кеңесова, Отан Смағұлов, Гүлжамал Кенжалиева, Бағидат Қашқынбекова сөз алды. Олар тәуелсіздік мерекесінің мән-маңызына тоқталды, еліміздің, соның ішінде облыстың даму барысына бұдан былай да үлес қосатындықтарын, маңызды салалардағы мемлекеттік қолдаулар үшін ризашылықтарын жеткізді.

Өз кезегінде облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Елбасы өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын ұсынып отырғанын тілге тиек етті. Бұл еліміздің сонау көне дәуірден бүгінге дейінгі тарихи шежіресін түгендеудің тамаша бастамасы екенін атап өтті. Бұл ретте халық бастан кешірген бір де бір тарихи оқиға назардан тыс қалмайтынын айтқан Е. Келемсейіт:

— Сіздердің есімдеріңіз республикамыздың тарихына еніп, тәуелсіздікті нығайтудағы еңбектеріңіз жыл өткен сайын салмақтана түсетіні сөзсіз, — деді.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ