Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көп балалы аналармен кездесті.

0
4

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғын үй мәселесін көтерген Талдықорғандағы көп балалы аналармен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы бастамашыл топтың атынан келген әрбір әйелдің сөзін мұқият тыңдады, мұнан соң қала әкімі мен тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды UZYN. KZ Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: zhetysu.gov.kz

«Біріншіден, мемлекеттік қордан берілетін тұрғын үй кезегін нақты айқындау керек. Ол үшін ревизия жасап, әрбір адаммен сөйлесіп, жете түсіндіру қажет. Қажет болса, тоқсанына бір рет кезек реті туралы анықтамалар жіберіп отырыңдар, «, — деді Амандық Баталов.

Сонымен қатар, кездесуге келген аналардың бірінің өтінішін тыңдаған облыс әкімі жылумен, ыстық сумен қамтамасыз ететін кварталдық қазандық жұмысына сын айтты.

«Қала тұрғындарды ыстық сумен жыл бойы қамтамасыз етеді де, жекелеген қазандықтардың салғыр жұмысының салдарынан кейбір тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз отырады. Мұндайға неге жол беріледі? Бақылау неге жоқ? Келесі жылы ыстық су жазда да үздіксіз берілетін болсын», — деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға арнап шаршы метрі үлкен әлеуметтік тұрғын үйлер салу жұмыстары бойынша кәсіпкерлермен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Кездесу соңында Амандық Баталов бұл мәселе бұдан былай да тұрақты қадағалауында болатынын айтты.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ