Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейтілді

0
4

«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ustinka.kz

Іс-шараның басты мақсаты мал ұрлығының алдын алу, бұған дейін орын алған ұрлықтарды ашу. Осы мақсатта облыстық және республикалық жолдар бойында арнайы блок-посттар қойылып, көліктердің мал тасымалдауға қажетті құжаттарын тексеруде.

«Бір күн ішінде мал және ет өнімдерін тасымалдаушы 80-ге жуық көлік тексеріліп, 17 жүргізушінің тиісті құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, 25 мал сату орны мен 30-дан астам ет өнімдерінің дүкені тексерілді»,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Арнайы шара барысында бұған дейін болған 16 қылмыс ашылған. Оның 4 дерегі бұрынғы жылдар санатына жатады. Мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген 3 қылмыстық топтың мүшелері құрықталған.

«Алматы облысының тәртіп сақшылары 10 ай ішінде қажетті құжаттар жоқ болса да мал тасымалдаудың 656 дерегін анықтаған. Жүргізушілерге 8 миллион 92 мың теңгенің айыппұлы салынды. Биыл рейд кезінде Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығын кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталып, барымташылар тобынан 40 жылқы тәркіленген»,- деп толықтырды облыстық полицейлер.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ