Алматы облысының білім саласы жаңа оқу жылына дайын

0
1

Алматы облысы білім саласының жаңа оқу жылына дайындығы туралы облыстың бас ұстазы Майгүл Омарова айтып берді, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларда назардан тыс қалмаған
Облыстағы 19 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде 2 ауысымда жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 5 арнайы мектеп-интернат қашықтан оқиды. Дәл осы форматта 653 бала білім алады. 1 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған және Жаркент қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп — интернат штаттық режимде оқитын болады. Жалпы алғанда 201 бала білімін қалыпты жағдайда жетілдіретін болады.

Ал қосымша 40 білім беру ұйымы қашықтықтан қызмет атқарады.
Ата-аналар мен оқушыларда туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін cаll-орталықтар мен жедел желі штаттық режимде ұйымдастырылған.

Кәсіптік техникалық білім беру ісіде ұмыт қалмаған. Бұл бағыттада жаңа өзгерістердің болатыны анық.

Биылғы оқу жылынан бастап, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бірінші курсқа қабылданған білім алушыларды жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқытады. Бұл туралы Майгүл Тлеутайқызы алқалы жиында мәлімдеді.

Сондай-ақ, «Жас маман» жобасы негізінде облыстағы 5 колледжде «Графикалық дизайн», «Веб дизайн және әзірлеу», «3-D моделдеу» және «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» және «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Аспаз», «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды.

«Колледждер Worlskils әлемдік стандарттарына сәйкес оқу бағдарламаларын өндеді, оқытушылары арнайы курстан өткізді»,-дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова .

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ