Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады

0
5

Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады. 1966 жылғы ер адамның мұндай қадамға баруына сиырлардың ауласына кіріп кетуі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: landingurl.ru

Оқиға Кербұлақ ауданында болған. 13 қараша күні түнде полицейлерге Шоқан ауылының екі тұрғыны арыз түсірген. Олардың сөзінше, ауылдастары олардың екі сиырын атып өлтірген. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 600 мың теңгеге бағалап отыр.

«Малдардың өлгендігі жөнінде ақпарат расталды. Ішімдік ішкен 1966 жылғы тұрғын «ИЖ-18» аңшы қаруымен екі сиырды атып тастаған. Күдіктінің сөзінше, малдар оның ауласына кіріп кетіпті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабына (Жан-жануарларға қиянат жасау) сәйкес сот-алды тергеу жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, күдікті қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Полицияның ақпаратына сәйкес, жануарларды атуға қолданған қару еш жерде тіркелмеген болып шықты.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ