Алматы полициясы жедел жәрдемді өткізбеген жүргізушіні жазалады (видео)

0
9

Алматы полициясы жедел жәрдем көлігін өткізбеген «Ниссан» жүргізушісіне  жаза қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кадр видеодан алынды

Ниссан жүргізушісі дабыл қаққан жедел жәрдем көлігіне бетпе-бет келіп, жол бермей тұрғаны видеоға түсіп қалған.

«Әуезов аудандық ІІБ жол-патруль полициясының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көліктің иесі кім екені анықталды. 45 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘқбК 598-бабының 2-бөлімі бойынша (Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу)  7-15 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған», — деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Еске сала кетсек,  Instagram әлеуметтік желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында бейнеролик жарияланған болатын.

Онда көлік руліндегі әйел адам жедел-жәрдем көлігінің өтуіне кедергі жасап тұр.

Видеоролик 45 мың көрілім жинап, онда осы оқиғаға байланысты көптеген сыни пікірлер жазылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ