Алматы-Түркістан бағытында жаңа пойыз қатынайды

0
2

Жаңа жылдан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған пойыз Алматы мен Түркістан арасында қатынай бастайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: Depositphotos

71/72 нөмірлі «Алматы 2-Түркістан» пойызы 23 вагоннан жасақталған. Пойызда мейрамхана және техникалық вагондар бар.

Алматыдан шыққан пойыз Түркістан қаласына 13 сағат 23 минутта жетеді. Кері бағыттағы жолға кететін уақыт 13 сағат 06 минут. Жолда пойыз Шу, Тараз, Шымкент және Арыс-2 стансаларына тоқтайды.

«Түркістан облысының көліктік қолжетімділігін арттыру және Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі бағытында жолаушылар тасымалын жетілдіру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 3 қаңтардан бастап Алматы мен Түркістан қалалары арасында жаңа бағдарды іске қосады», — делінген компания таратқан ақпаратта.

Пойыз кестесі жолаушыларға ыңғайлы жасалған. Алматыдан пойыз жұп күндері сағат 21-59-да шығып, Түркістанға тақ күндері сағат 11-05-те жетеді. Ал кері бағытта пойыз Түркістаннан тақ күндері сағат 16-51-де жөнелтіліп, Алматыға жұп күндері сағат 06-23-те келеді.

 

 


 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ