Алматы тауларында екі испандық қызды құтқарды

0
0

Кеше Үлкен Алматы көлі аумағында екі Испания азаматшасы жоғалып кеткен. Абырой болғанда, қыздарды жедел-құтқару тобы ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«26 тамызда 16.09-да Алматыда республикалық жедел-құтқару жасағына Үлкен Алматы көлі аумағындағы шыңда екі қыздың жоғалғандығы туралы қоңырау шалынған. Сағат 16.24-те  республикалық жедел-құтқару жасағының тобы, ішінде кинологтар да бар әлгілерді іздеу үшін оқиға орнына шұғыл аттанды. Сағат 18.06-да туристер табылып, оларды таудан түсіру жұмыстары басталды. Арада 50 минут өткенде шетелдіктер қауіпсіз жерге жеткізілді»,-деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі  Руслан Иманқұлов.

Испания азаматшаларын көліктеріне дейін апарған, оларға медициналық көмектің қажеті де болған жоқ.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ