Алматы зообағында қоқиқаз балапан басып шығарды

0
2

Алматы зообағында 8 жылда тұңғыш рет қоқиқаз балапан басып шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы зообақтың бұрынғы директоры, мәслихат депутаты Ержан Еркінбаев Instagram желісінде хабарлады. «Бізде тұңғыш рет қоқиқаз балапан басып шығарды», деді Ержан Еркінбаев.

Зообақтың директоры Айгүл Тулееваның айтуынша, қоқиқаздар 2010 жылы Колумбиядан əкелінген.

«Бақытты сәтті түсіріп алдым. Жаңа өмір есігін ашты. 2010 жылы Колумбиядан ұшып келген қоқиқаздар тобы көп жылдан соңғ 8 жылда бірінші рет ұрпақ өрбітті»,- деді Айгүл Тулеева.

Айта кету керек, Алматы зообағы басшылығы осыдан 2-3 жыл бұрын қоқиқаздардың балапан баспай жатқанын хабарлаған болатын.  Басшылық қамаудағы құстардың бойындағы күйзелісті алу үшін қоқиқаздардың қоршауына айна орнатқан болатын. Бұл құстарды визуалды түрде көп секілді сезім қалыптастыру үшін əдейі ойластырылған.

Сонымен қатар, Алматы зообағы жақында құстардың балапан басуына арналған 8 инкубатор сатып алған еді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ