Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты

0
1

Алматыда «барахолка» базарынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сағат 17:25-те сөндірілді. Алматы гарнизонының өрт сөндірушілері өрттің жапсарлас тұрған сауда нүктелеріне жайылуын алдын алды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 60 қызметкері, 18 техника жұмылдырылды», — деді қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Айта кету керек, «барахолка» базарындағы Байсат базары өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 16.26-те 101 кезекші пультіне түскен.

Сауда үйінде ойыншық, техникалық құралдар, ыдыс-аяқ сатылады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ