Алматыдағы карантиндік шараларды қатаңдататын қаулыға қол қойылды

0
7

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото kazakh-tv.kz сайтынан алынды

Құжатқа сәйкес, отбасылық, салтанатты және естелік (банкеттер, үйлену тойлары, қалыңдықты шығарып салу, мерейтойлар, еске алу) бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу талабы сақталады.

Мәдени және ойын-сауық сипатындағы түрлі қызметтерді (караоке, кальян, бильярд, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, фуд-корттар, кинотеатрлар, балалар ойын алаңдары мен батуттар) ұсынатын мәдени-демалыс мекемелерінің, сондай-ақ демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмысына әлі де тыйым салынады.

Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметкерлердің кемінде 30 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына көшіруді қамтамасыз ету қажет (штат кестесі 30 адамнан астам болған кезде).

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы симптомсыз және жеңіл нысандағы КВИ-мен, сондай-ақ анықталмаған пневмониямен ауыратын науқастарды үйде оқшаулауды, сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхат беруді қамтамасыз ету қажет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ