Алматыдағы рейд: Полиция «Car city» базарын қоршауға алды

0
1

Алматы полициясы автобөлшектер базарларын тексеру рейдін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Бүгін полиция «Car city» базарын қоршауға алды.

Тәртіп сақшылары сатушылардың құжаттарын тексеруде. Құқық қорғаушылар сатушылардың  сауда жүргізуге рұқсат лицензиялары бар-жоғын да анықтауда.

Жедел-профилактикалық шараға қалалық ІІД 300 қызметкері, Ұлттық гвардияының  сарбаздары жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, кеше «Жібек жолы» автобөлшек базары тексеруді бастаған еді. Жедел профилактикалық шара 29 шілдеге дейін жалғаспақ.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ