Алматыда қала орталығындағы Фурманов мүсінін алып тастады

0
1

Алматыда революционер Фурманов мүсіні Назарбаев көшесінен алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Назарбаев пен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы белгілі революционер-жазушының  бюсті  орнында жоқ болып шықты.

Қалалық Мәдениет және мұрағат басқармасы мүсінді қайда жібергендерін айтты.

«Фурманов бюсті «Сарыарқа» саябағына орнатылатын болды. Ол жерде Кеңес одағы қайраткерлерінің мүсіндері шоғырландырылған», — деді басқармадан.

Монументті Николай Журавлев, сәулетші Х.Якупбаев жасаған.

Еске сала кетсек, Фурманов көшесі 2017 жылдың 30 қарашасында Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ