Алматыда қолданыста болған бөлшектерді сататын бутиктер жаппай жабылып жатыр

0
4

Денис Теннің өлімінен соң Алматыдағы автобөлшектер сататын ең ірі базарда дүкендер мен бутиктер жабылып жатыр деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: alex-car.com.ua
Базардағы сатушылардың айтуынша, Денис Теннің өлімінен соң жаппай тексеріс жүргізіліп, кәсіпкерлер бизнесін жабуға мәжбүр болуда.

Олардың айтуынша, қазіргі таңда қаладағы базарлардан қолданылған айналар мен терезелерді табу қиынға соғады.

«Бірақ сатушылардан сұрасаңыздар, олар сізге тауып береді. Бірақ мұндай бөлшектер 100% ұрланған», — дейді сатушылардың бірі.

Lexus автокөлігінің қолданылған бөлшектерін де сатып алу мүмкін емес, дейді олар. Кей бизнесмендер бутиктерін жауып, ал кейбірі қандай да бір тауардың бар-жоғы туралы абайлап айтатын болған.

Бір сағаттың ішінде журналистер қазіргі жағдай туралы ашық-жарқын әңгімелеп беретін үш сатушыны кездестірді. Lexus көлігінің қос айнасын олар 33 мыңнан 55 мың теңгеге бағалады. Оларды қайдан алғанын олар айтқан жоқ. Тіпті кейбірі бір аптаның ішінде тауып беруге уәде берді.

Сонымен бірге, базардың әкімшілігі бутиктерді жалға алушыларға қойылатын талаптарды да күшейтпек ниетте.

Мәселен, қыркүйектің басынан бастап, олар жалға алушылармен келісім-шартқа отырып, заңсыз және ұрланған тауарларды сатуға тыйым салмақ.

Еске салсақ, Денис Тен 19 шілде күні Алматы орталығында көлігінің айнасын ұрламақ болғандардың құрбаны болған еді. Мәнерлеп сырғанаушы 25 жасында қайтыс болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ