Алматыда ұрланған 18 жасар қыз босатылды

0
1

Алматыда арнайы операция барысында 18 жасар ұрланған қыз босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Sputnik Казахстан

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, Алматыда арнайы операция барысында ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18 жастағы қызды босатып, үйіне қайтарды. Қылмыс 9 тамызда болған. Белгісіз біреулер алдын ала ымыраласа  келе қару кезене отырып, қыздың үйіне кіріп барған. Шабуыл салдарынан қыздың туысқаны жарақат алған», — деді ол.

ҚР ІІМ өкілі хабарлағандай, қазір күдікті ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кету керек, Алматы полициясы бірнеше күннен бері қалада ауқымды рейд шараларын өткізуде.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ