Алматыда ұрланған көлік бөлшектерін сатқандар түрмеге жабылуы мүмкін

0
3

Алматыда автобөлшек саудасымен айналыстын 5 саудагер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер базарларды әлі де тексеріп жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Lalafo.kg

Полицейлер оңтүстік астанадағы ең ірі екі сауда орнын бастан-аяқ тінтіп шыққан. Нәтижесінде 500 адам бөлімшеге жеткізілсе. Оның жүзден астамының бір де бір құжаты болмаған. Ал 50 саудагер көші-қон заңын аяқ асты еткен шетелдіктер екен. Іздеуде жүрген тағы тоғыз адам ұсталған.

Тағы 5 саудагер ұрланған зат сатты деген күдікке ілінген. Себебі олар тауарды қайдан алғанын түсіндіре алмапты. Егер автобөлшектердің қылмыстық жолмен келгені дәлелденсе саудагерлер 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұндай жаза ұрланған тауарды алған кез келген адамға да қатысты.

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды деген сөз бар. Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес 3 жылдан аса бас бостандығынан айыру көзделген ұрланған затты сатып алғандарға», — дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, әйгілі спортшы Денис Теннің қазасынан кейін еліміздегі көлік бөлшегін сататын базарларда ауқымда шаралар жүргізіліп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ