Алматыда ұрылар бір ауладағы 12 көлікті тонап кеткен

0
1

Алматыда өткен түні ұрылар бір ауладағы 12 көлікті тонап кетті. Әбден басынған ұрылар негізінен аккумляторлар және магнитофондарды қолды қылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Obninsk.Name

Ал зардап шеккен темір тұлпар иелері полициядан күдер үзіп, ұрыларды өздері іздеуге көшкен.

Құрмет Қайратұлы — көлік ұрлаушылардан зардап шеккендердің бірі. Қарақшылар бір түнде оның аккумляторын, бензонасосын қолды қылған. Барлығы да қымбат бағалы шетелдік қосалқы бөлшектер еді дейді ол.

Ал Әйгерім ықшам ауданында бір түнде 12 көлік тоналған. Тұрғындардың пайымынша, ұрлық шамамен түнгі сағат бір мен үштер шамасында болыпты.

Тұрғындар бұл көшедегі үйлерге де ұрылар жиі түсетінін айтып, мұңын шақты. Олар кеше ғана үйлердің біріне кіріп бар ақшаны қолды қылған. Жазира Нұрмолдаева, Алматы қаласының тұрғыны: —

«Жеті рет түсті ұры. Ұйықтап жатқан жерімізден ақшамызды алып кетіп жатыр», — дейді тұрғын Жазира Нұрмолдаева.

«Бұл жақты тонап жатыр ғой жұма сайын. Полиция қозғалмайды. Камера қойғанның өзінде, кепка киіп, бет-аузын жауып жүреді», — дейді Алматы қаласының тұрғыны Алмас Маратұлы.

Бір түнде 12 көлікті тонап басынған ұрылардан тұрғындар енді қалай сақтанарын білмей дал.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ