Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді

0
4

 Қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова қаза болған жол апатына қатысты істі ішкі істер министрлігі бақылауға алды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото

Тергеудің объективтілігіне күмән тудыруға ешқандай негіз жоқ, деп хабарлады ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Тергеу бөлімі оқиғаның мән-жайы жан-жақты тергеу үшін барлық қажетті шараны жасап жатыр. Іс бақылауда, деп сендірді министрліктегілер.

Ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген екінші актриса – Айзада Сатыбалдиеваның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Алматыда 29 желтоқсан күні қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова жол-көлік оқиғасынан қаза болды. Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen көлігі «қызылға» өтіп кетіп, шетелдік көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік апатынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды. Тағы бір әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Апатқа кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, біраз уақыттан кейін полицейлер оны ұстады. Қазіргі таңда алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ