Алматыда алғаш рет түнгі велошеру өтеді

0
1

Шілденің 14-і күні Алматыда осы жылғы алғаш рет түнгі велошеру өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

 

 

Фото: ҚазАқпарат

і «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналуы тиіс.

Спорттық шара 20:30-да басталады. Әуесқой велошабандоздар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Басты сыйлық — велосипед. Қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынады. Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 шараның оныншысы саналады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ