Алматыда арықтан табылған әйелді өлтірді деген күдікті 2 айға қамалды

0
6

Алматыда арықтан табылған әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚазАқпараттың осы оқиға бойынша жолдаған ресми сауалына жауабында айтылған.

Фото: ҚазАқпарат

«Аталған дерек ҚР ҚК 99- бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,-деді ҚР ІІМ. Алматы қалалық сотынан хабарлағандай, ер адам 2 айға қамауға алынған.

«№2 Медеу аудандық соты ер адамды бұлтартпау шарасы туралы санкция шығарды. Енді ол 2 ай бойы, яғни 2018 жылдың 9-қыркүйегіне дейін қамауда болады. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалды», — деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға 9-шілдеде болған еді. Әл-Фараби көшесіндегі арықтардың бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылған.

Мұның алдында редакцияға қайтыс болған әйелдің танысы хабарласып, болған оқиғаны баяндап берген болатын. Оның айтуынша, келіншекті басқа қалада тұратын күйеуі өлтірген.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ