Алматыда ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды (фото)

0
3

Бүгін Алматыда 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, аталған шараға қоғам қайраткерлері, репрессия мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және қала жастары қатысты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылғанын, онда қолына арып-ашқан, өлімші хәлдегі баласын ұстаған ана бейнесіндегі қазақ халқының ауыр тағдыры бейнелегенін атап өтті.

«Тарихтың шерлі үнін жеткізген бұл ескерткіш — қаламыздың киелі нысандар тізіміне енді. Бұл — Елбасы атап өткендей, «ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым және келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағылым», — деді Бауыржан Байбек.

Сол бір қасіретті жылдары қазақ халқының өз еңсесін тік көтеріп қана қоймай, қазақ топырағына жер аударылған өзге ұлт өкілдерін бауырына тартып, қамқорлығына алғанын атап өтті.

«Ал бүгін, біз ең құнды байлығымыз Тәуелсіздігімізді алып, сөнуге айналған шырағымызды қайта жақтық. Бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлыстар ұйысқан Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналды. Кешегі арыстарымыздың асыл арманы орындалып, ел тұтқасын ұстаған Елбасы мен еңселі елордасы бар әлем таныған қуатты ел болдық», — деп атап өтті Алматы әкімі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ