Алматыда бір-біріне қарсы жолақта келе жатқан автобустар соқтығысты

0
1

Алматыда екі автобус бетпе-бет соғысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

фото: ҚазАқпарат

Оқиға Абай даңғылының бойында «Қазақстан» қонақүйіне қарама қарсы тұста болған.

Куəгерлердің айтуынша, автобустардың бірі қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Нәтижесінде бір біріне бетпе-бет келе жатқан автобустар соқтығысқан. Апаттың салдарынан қоғамдық көліктердің əйнектері сынып, орындықтар жұлынып кеткен. Жарақат алғандар бар.

Оқиғаның мəн-жайын құқық қорғаушылар анықтап жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, Достық даңғылының бойында жүргізушісі мен жолаушысы жоқ 12-ші автобус тұрған. Дəл осы жолда қарсы бағытқа бет алған автобус өз жолағынан шығып кетіп, бос тұрған автобусты соққан. Бағытынан ауып кеткен автобуста 10-нан астам адам жарақат алған.

Оның ішінде көлік жүргізушісі де бар.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ