Алматыда із-түзсіз жоғалған 31 жастағы банк қызметкері өлі күйінде табылды

0
3
Алматыда 28 шілде күні із-түзсіз жоғалып кеткен Мадина Бәкібаева өлі күйінде табылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: Total.kz

Банк қызметкерін еріктілер мен полицейлер ұзақ іздеген.Алматы ІІД бапсасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оның мәйіті шамамен он күн бұрын табылды. Оның денесінен зорлық белгілері табылмады.

Банк қызметкерінің қазасына не себеп болғаны сараптама нәтижелерінен кейін белгілі болады.

Еске салсақ, 31 жастағы банк қызметкері жұмыстан шығып, үйіне оралмаған еді. Жақындары бірден полицияға хабар берген. Мадинаның артында екі баласы қалды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ