Алматыда көлік қаққан баланың анасы оны қалай жоғалтқанын айтып берді

0
5

Алматының Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен баланың анасы ұлының қалай жоғалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Мұның қалай болғанын түсінбей қалдым. Ұлым аулада жүрген. Арадан 50 минут өтті. Ол күйеуімнің жанында болар деп ойладым. Ал, ол жұмысқа кетіп қалыпты. Жұбайым да байқамай қалған сияқты. Әрі қарай оған не болғанын білмеймін. Оны іздеп аялдамаға бардым, ол жақта да көрінбеді. Кейін полицияға хабарластым, олар маған жол апаты болғанын айтты. Біз сонда бардық», — деді баланың анасы Азиза Аскар-оглы.

Анасының айтуынша, 4 жастағы Дінмұхаммед балабақшаға барып жүрген. Әйел үнемі ұлының жанында отыр.

«Оны палатаға ауыстырды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп айтты. Әзірге сөйлеп жатқан жоқ. Сұрақ қойсам, көзімен ишарат білдіреді. Бірдеңе айтсам, күледі. Дәрігерлер оның қалпына келуі үшін уақыт керек деп жатыр. Сабыр сақтау керек», — деді Азиза.

Бұдан бұрын дәрігерлер Дінмұхаммедтің сөйлеп жатқанын және тамақ іше алатанын хабарлаған еді. Бірақ, бала әзірге оң қолы мен аяғын дұрыс қимылдата алмайды. Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша оның сауығуына 2-3 апта керек.

Еске салайық, 16 шілдеде 4 жасар баланы Алматыда Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен еді.

Бір нұсқа бойынша, оны қаққан көліктің иесі баланы оқиға орнынан алып кетіп, оны үйлерден алыс жердегі бұталардың арасына тастап кеткен. Баланы жолдан өтіп бара жатқандар тауып алған. Ол басынан жарақат алған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ