Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды

0
0

Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің астыңғы қабатында қоқыс салатын жәшік өртеніп, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 12-сі — бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтемемен.

Көрнекі фото: Yvision.kz

«2 қыркүйек күні 18:25-те Медеу ауданында орналасқан 12 қабатты «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің астыңғы қабатында 10 шаршы метр аумақты құрайтын ағаш жәшік (қоқ салатын) өртеніп, 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 12-і — бала. Тілсіз жау 18:50-де ауыздықталып, 19:10-да толықтай сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ» делінген хабарламада.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ