Алматыда кісі өлімімен аяқталған жол апаты: 20 жастағы жүргізуші ұсталды

0
2

Алматының полиция департаменті түнде Сейфуллин-Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болған жантүршігерлік жол апатына байланысты мән-жайды түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото : Zakon.kz

Департаменттің мәліметінше, жаппай жол апатына кінәлі адам ұсталды. Ол Алматы облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция жол апаты кезінде жас жігіттің алкогольдік және есірткілік масаю күйінде болғанын анықтады.

Күдікті Сейфуллин даңғылымен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамастан, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысына шығып «Ауди» автокөлігін соққан. Содан соң тағы бірнеше автокөлікті сырған.

Полицияның ақпарынша, жол-көлік оқиғасы орнында «Ауди» автокөлігінің екі жолаушысы қаза болған. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, «BMW X5» автокөлігі Сейфуллин көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Бөгенбай Батыр көшесімен қиылысында ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ