Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы нашарлады

0
2

Алматыда коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген екі жасар қыздың  жағдайы нашарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Фото: omskinform.ru

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

«Бүгінде 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы — орташа ауыр. Қазіргі уақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1 108 адам үй карантинінде», — деді Әбілдаев.

Екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылады.

«2018 жылғы қызда жөтел бар, рентген оң жақты пневмония екенін көрсетті», — деді алматылық дәрігерлер.

Еске салайық, мұның алдында екі жасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. «20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді», — делінген еді хабарламада. 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ