Алматыда Lexus 7-8 жастағы балаларды қағып кетті

0
1

Алматыда Lexus  автомобилі 7-8 жастағы балаларды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған жол апатының видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланды.

Бейнекадрда көрсетілгендей, Lexus көлігі көшені кесіп өтпек болған екі баланы қағып тоқтаған.

Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі арыққа қарай құлап кетсе, екінші көліктің алдына қарай 5 метр қашықтыққа ұшып түсті. Балаларды түрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.

«Бала құрбымның ұлы. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала есін біледі», — деді Нина Алимовна.

ҚазАқпарат тілшісі жол апатының жай-жапсарын білу үшін қалалық ІІД мен Денсаулық сақтау басқармасына хабарласты.

Әзірге құзырлы органдар түсініктеме берген жоқ.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ