Алматыда науқас жандарға теледидар сыйлаған оқушылар жұртты тәнті етті (фото)

0
1

Алматы қаласының мектеп түлектері лимузин жалдаудың орнына қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршіндерге теледидар сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Gulnara Kunirova

Иван Панфилов атындағы № 54 мектеп-гимназиясының оқушылары лимузин жалдауға кететін ақшаға Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы бүлдіршіндерге теледидар сыйлады.

Бұл туралы «Біріміз қатерлі ісікке қарсымыз» қоғамдық қорының атқарушы директоры Гульнара Кунирова өзінің Facebookпарақшасында жариялаған болатын.

Оның айтуынша, балалар орталығындағы палаталарда теледидарлар тапшы.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мектеп оқушыларының әрекетіне жұрт сүйсіне қарап, «Басқа бітіруші түлектерге үлгі боларлық іс екен», «Жарайсыңдар!», «Алла разы болсын», — деп өз ойларымен бөлісті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ