Алматыда Оңтүстік Кореямен бірлескен амбулаторлық клиника ашылды

0
0

Алматыда Оңтүстік Кореямен бірлескен амбулаторлық клиника ашылды. Бұл Орталық Азия аумағындағы толығымен шетелдік инвестицияға іске асырылған алғашқы медициналық мекеме, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Фото: ҚақАқпарат

Кореяның озық диагностикалық технологияларымен жабдықталған емханада тиімді ота жасау жүйесі енгізілген.

Сонымен қатар, Сингапур технологиялары да пайдаланылатын болады. Обыр скринингін іске асыру үшін Сеул ұлттық университеті жанындағы BIOiNFRA ғылыми биологиялық компаниясы обырды анықтау процесіне толыққанды техникалық  қолдауды қамтамасыз ететін болады.

(POCT MDx) One Biomed молекулалық диагностикасына негізделген генетикалық және жұқпалы ауруларға зерттеулер жүргізу үшін сингапурлық компания техникалық серіктес болады.

Сонымен қатар, клиника Кореядағы жетекші зертханалардың бірі Seegene Medical Foundation инвестицияларын тартып, Қазақстанда орталықтандырылған зертханалық желіні құру ісімен айналысады. «Medical Partners Korea Qazaqstan» бірлескен компаниясы  (MPK QAZ) Қазақстанда медициналық компаниялар тобын құруға ниетті. Онда операциялық менеджментті кореялық медицина мамандары жүргізетін болады.

Емхана пациенттерге жүйелі қызмет көрсетіп қана қоймай, кореялық дәрігерлердің көмегімен жан-жақты сапалы бақылау жүргізеді. «MPKQAZ пациенттерге қызмет көрсету жүйесі мен көпұлттық медициналық операция жүйесін құруға әзір. Кореяның озық медициналық технологияларын және қызмет көрсету саласындағы бай тәжірибемізді қолданамыз», — деді медициналық директор, кардиолог-дәрігер Хисук Мин.

Емдеу әдістемесі кореялық және сингапурлық технологияларға негізделген клиника Алматыдағы бизнес орталықтардың бірінде орналасқан. Қазақстандық пациенттерді ең үздік кореялық мамандар заманауи жабдықтарды қолдана отырып 13 бағыт бойынша қабылдайтын болады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ