Алматыда Сайран көлінен жігіттің денесі табылды

0
2

Алматыда тәулік бойы іздестірілген 29 жастағы Нұрлан Тұрлықожаның денесі Сайран көлінің батыс жағалауынан табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото

Марқұмның жақындарының айтуынша, жас жігіт таныстарымен бірге Сайран көліне демалуға кеткен. Содан қайтып оралмаған соң туыстары дабыл қақты.

«ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы мен Алматы әкімдігінің құтқару қызметінің өкілдері таңғы 8:30-ден іздестіру жұмыстарын жүргізген. Жігіттің денесі таңғы 10:02-де Сайран көлінің батыс жағалауы тұсынан табылды. Көлдің бұл тұсы шомылуға арналмаған. Іздестіру жұмыстарына 20 құтқарушы, арнайы техника мен қайықтар жұмылдырылды», — деді Руслан Иманқұлов.

ТЖК ресми өкілінің хабарлауынша, жыл басынан бері 49 адам суға батқан. Оның ішінде 19 бала бар. Былтыр бұл уақытта 88 адам, оның ішінде 49 бала көз жұмған.

«Қайғылы жағдайлардың көпшілігі тыйым салынған жерлерде мас күйінше шомылудың кесірінен болады. Сонымен қатар адамдар өзінің шамасына қарамайды. Балалардың барлығы дерлік үлкендердің қарауынсыз жүрген. Балық аулағанда да қауіпсіздік талаптары сақталмайды», — деді Руслан Иманқұлов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ