Алматыда тұрмыстық техника дүкенінің ғимараты жанып кетті (фото)

0
2

Алматыда тұрмыстық техника дүкені мен банктің бөлімшесі орналасқан ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Instagram

Оралда полиция көлігі тәртіп бұзушыны қуамын деп, қоршауды қақты Ақсай шағын ауданының тұрғындары Әуезов ауданы, Ақсай-4 шағын ауданы, 30-үйден түтін шыққанын байқаған.

Мұнда тұрмыстық техника дүкені мен банктің бөлімшесі орналасқан. «Анықталғандай, ғимараттың жертөлесінде (қойма) тұрмыстық техниканың бос картон ыдыстары жанған. Өрт 21:50-де ауыздықталып, 22:10-да сөндірілді. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Ешкім зардап шекпеді», — деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ