Алматыда тал түбінен табылған баланың жағдайы өте ауыр

0
4

Алматыда көлік қаққан 5 жасар бала комаға түсті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Ұл бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер «өте ауыр» деп бағалауда.

«Сәби Балалар шұғыл медициналық орталығына травматикалық шок және кома жағдайында түсті. Бала жансақтау бөлімінде жатыр.  Шұғыл ота жасалды. Баланың жағдайы өте ауыр», — деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, әл-Фараби даңғылы мен Брянская көшесінің қиылысында 5 жасар бала ағаштың түбінен табылған болатын. Оның бас сүйегі қатты зақымданған. Әкесінің айтуынша, балдырғанды көлік қаққан.

Әлеуметтік желі қолданушылары оны көршінің көлігі басып кеткенін жазуда. Полиция барлық нұсқаны қарастыруда.

Баланың жақындары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Олармен келесі телефон номерлері арқылы хабарласуға болады: 8 747 777 41 06; 8 702 293 88 99.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ