Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

0
5

2 маусым күні Алматыда продюсер Анна Чакиртова із-түзсіз жоғалып кетті. Әйел адам үйінен ұялы телефонсыз шығып кеткен. Біраз уақыттан соң туғандарына бөтен нөмірден қоңырау шалған ол, содан кейін байланысқа шықпаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com

Анна Чакиртова 2 маусым күні Қонаев пен Қабанбай көшелеріндегі үйінен сағат 9-10 мөлшерлерінде шығып кетіп, қайта оралмаған. Продюсер ұялы телефонын үйінде тастап кетті.

Фото: facebook.com/Ислам Угушев

Келесі күні Анна Чакиртова бөтен нөмірден жақындарына қоңырау шалып, біртүрлі сөйлесіп тұтқаны қоя салды. Туғандарының айтуынша, ол ақырын әрі түсініксіз сөйлеген. Оның үстіне оның ар жағында ер адамдардың дауысы естілді.

Бұл қоңыраудан кейін әйел адам мүлде жоғалып кетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ