Алматыда Toyota қағып кеткен бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

0
0

Алматыда дәрігерлер Toyota автомобилі қағып кеткен  8-9 жастағы балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Дінмұхаммед Рузуддиновтың айтуынша, балалар ауруханаға  өте ауыр жағдайда түскен.

«30 шілдеде кешкі 19.00 шамасында Өтеген батыр мен Шаляпин көшесімен қиылыста жол апатынан екі бала өте ауыр жағдайда жеткізілді. Балалардың жастары 8-9 аралығында. Балалар қосарланған жарақатпен, миының шайқалуы, ортаңғы жіліктің сынуымен түсті. 31 шілдеде біреуінің жағдайы жақсарып, бөлімшеге ауыстырылды. 1 тамызда баланың ортан жілігіне ота жасалды. Бала есін жиған, травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Екінші баланың жағдайы өте ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде емделіп жатыр», — деді Дінмұхаммед Рузуддинов.

Айта кету керек, оқиға 30 шілде күні Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған еді.

Toyota көлігі көшені кесіп өтпек болған екі баланы қағып кеткен.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ