Алматыда жүкті келіншек жол апатынан көз жұмды

0
3

Алматыда көлік аударылып, 21 жастағы аяғы ауыр келіншек жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Қайғылы оқиға Момышұлы көшесі мен Жаңа жол көшесінің қиылысында болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Corolla мен Subaru Legacy Момышұлы көшесімен солтүстікке қарай бара жатқан. Toyota жолдың ең шетінде сол жақта, ал Subaru ортаңғы жолда келе жатқан. Toyota жүргізушісі алдында тұрған кедергіні кеш байқап, оң жаққа қарай қашпақ болады. Сол сәтте ол Subaru көлігінің арт жағынан қаққан. Соның кесірінен Subaru  жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалып, көлік бірнеше рет аударылып түскен.

Соққыдан жолаушы, 1997 жылғы жүкті келіншек көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қайғылы оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек ҚР ҚК 345 бабына сәйкес жүргізушінің абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол ережесін бұзуға қатысты сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Қазір қажетті сараптама тағайындалды», — деді Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, кінәсі анықталған жағдайда Toyota Corolla жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ