Алматыда жүріп келе жатқан көлікке ағаш құлап, екі адам тіл тартпай кетті (фото)

0
1

Алматыдағы Құлжа тасжолының бойында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жүріп келе жатқан көліктің үстіне кенеттен ауыр ағаш құлап, екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Құлжа тасжолының бойымен қалаға қарай қозғалып келе жатқан Nissan Primera автокөлігінің үстіне кенеттен ағаш құлап түскен.

Ағаштың салмағы өте ауыр болғандықтан, көліктің төбесі толықтай жапырылып қалған. Сонымен бірге, ағаш көлік ішіндегі адамдарды да басып қалыпты.

Көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен.Көлік өздігінен 200 метрге дейін жүріп барып, жол жиегінде өсіп тұрған ағашқа барып соғылыпты.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ